Қауіпсіздік сұрақтарын орнату
Local Run Manager жүйесіне бірінші рет кіргенде, пайдаланушылардан қауіпсіздік сұрақтарын орнату сұралады. Пайдаланушы құпиясөзін ұмытып қалса, оның аккаунтымен байланысты қауіпсіздік сұрақтарына жауап беру аккаунт құлпын ашады.
Қауіпсіздік сұрағы туралы ақпаратты кейінірек «Менің аккаунтым» мәзіріне өтіп, Қауіпсіздік сұрақтары бөлімінде Reset (Қалпына келтіру) опциясын таңдау арқылы өзгертуге болады.
Аккаунт үшін қауіпсіздік сұрақтарын төмендегідей орнатыңыз.
1. | Бірінші сұрақ ашылмалы мәзірінен қауіпсіздік сұрағын таңдаңыз. Сондай-ақ Create my own question (Менің жеке сұрағымды жасау) опциясын таңдап, өзіңіздің сұрағыңызды енгізу арқылы реттелетін сұрақ қоюға болады. |
2. | Answer (Жауап) өрісіне жауапты енгізіңіз. Жауаптар регистрге тәуелді емес. Қалған сұрақ пен жауап өрістері үшін 1 және 2 қадамдарды қайталаңыз. |
3. | Қауіпсіздік ақпаратын аккаунтыңызға сақтау үшін Update Security Questions (Қауіпсіздік сұрақтарын жаңарту) опциясын таңдаңыз. |